Қошанов Ресейде Қазақстан туралы жағымсыз пікір айтатын депутаттар мәселесін көтерген

13 Наурыз 2024, 14:34
715
Бөлісу:
Қошанов Ресейде Қазақстан туралы жағымсыз пікір айтатын депутаттар мәселесін көтерген
Фото: Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Журналистер Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан Ресейде іссапармен болған кезінде Қазақстанның аумақтық тұтатыстығына қатысты жағымсыз пікір айтатын ресейлік депутаттарға қатысты мәселені көтерген-көтермегенін сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресейлік депутаттар Қазақстанға, атап айтқанда, біздің аумақтық тұтастығымызға және басқа да түрлі жалған пікірлер жасамауын Мемлекеттік Думаның басшысы Володиннен сұрамадыңыз ба? – деп сұрады БАҚ өкілдері Қошановтан.

Иә, бұл тақырыпты көтердік... Оны бірлесе шешіміз, - деді ол.

Журналистер Ерлан Қошановтан Мемлекеттік Дума басшысы депутаттармен тәрбие жұмысын жүргізуге уәде берді ме деп сұрады.

Бұл тақырыпты біз Федерация Кеңесінің төрағасы Матвиенкомен сөйлестік. Ол уәде бермеді, бірақ біз бұл мәселе бойынша өзара жұмыс істейтеуге келістік, - деп айтты Ерлан Қошанов.

Өзгелердің жаңалығы