Қошанов пен Исмоилов Парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойды

9 Ақпан 2022, 13:55
1171
Бөлісу:
Қошанов пен Исмоилов Парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстанның Олий Мажлис Заң шығару палатасының Спикері Нурдинжон Исмоилов Парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Ерлан Қошанов Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Шавкат Миромонович Мирзиёевтің көреген, салиқалы саясатының, сонымен бірге, достық пейілдерінің арқасында бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық өте жоғары деңгейге көтерілгенін, соның нәтижесінде заң шығару органдары арасындағы әріптестік те жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. 

Оған дәлел ретінде Мәжіліс төрағасы жақында Өзбекстан Президентінің біздің елімізге сапары барысында қос ел Президенттерінің парламентаралық ынтымақтастық туралы кеңесті құру келісіміне қол жеткізгенін, оның тарихи маңызын  алға тарта келіп,  біздің елдеріміз тәуелсіздік алған күннен бастап, бір-біріне қолдау көрсетіп, қос мемлекеттің өркениеті жолында берік, үйлесімді, сындарлы қарым-қатынас орнағанын айтты. Жаңа құрылған Кеңес біздің мемлекеттеріміздің ықпалдастығына тың серпін беретінін, қол жеткен табыстарымызды одан ары тереңдетіп, Президенттеріміздің барлық сала бойынша келісімдерін тиімді жүзеге асыруға, заңнамалық ынтымақтастықты күшейтуге жаңа жол ашатынын атап өтті, - делінген хабарламада.

Қошанов пен Исмоилов Парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойды

Өз кезегінде мәртебелі мейман бұл келісім арқылы екі елдің, соның ішінде, парламенттар арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңі басталғанын, заң шығарушы органдар мемлекет басшыларының келісімдерін жүзеге асыру үшін бар күш-жігерлерін арнайтынын жеткізді. 

Биыл қос мемлекет арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына тура 30 жыл толады. Бүгінде Өзбекстан Қазақстанның ірі экономикалық әріптесі саналады. Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 

Қошанов пен Исмоилов Парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойды

Сондай-ақ көлік-логистика, құрылыс, транзит және туризм басқа да салаларда әріптестік әлеуеті жоғары. Кездесу барысында Ерлан Қошанов Қазақстан Президентінің атынан Нурдинжон Исмоиловқа  бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін II «Достық» орденін табыс етті.     

Өзгелердің жаңалығы