Қошанов Nur Otan-ды «Аманат» деп өзгерту неліктен қабылданғанын түсіндірді

2 Наурыз 2022, 12:53
1045
Бөлісу:
Қошанов Nur Otan-ды «Аманат» деп өзгерту неліктен қабылданғанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуге қатысты айтты. 

Партияның атын өзгерту туралы шешім неліктен қабылданды? Енді осыған байланысты заңнамалық мәселелер туындай ма? - деген Мәжіліс алаңында журналистер сұрақ қойды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов заңға қатысты ешқандай проблемалар болмайтынын айтты.

Заңға қатысты қиындықтар мен проблемалар болмайды, өйткені мұндай атаумен 30-дан астам әртүрлі компания бар екенін көрдік, бірақ бірде-бір «Аманат» партиясы жоқ. Заман өзгереді, қоғам да өзгереді. Қаңтарда біз жаңа мемлекетте оянғандай болдық. Мемлекетке қарсы лаңкестік әрекеттен кейін партия сынақтарға дайын болуы керек. Партия қоғамнан бөлек өмір сүрмеуі керек, - деп түсіндірді ол.

Ерлан Қошанов кулуарда өңірлерде болып, тұрғындардың партия жұмысына қатысты өтінішін көріп, атауын өзгерту туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы