Қос азаматтықпен жүрген Риддер тұрғыны жауапқа тартылды

25 Қараша 2022, 22:06
690
Бөлісу:
Қос азаматтықпен жүрген Риддер тұрғыны жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Қос азаматтықпен жүрген Риддер тұрғыны жауапқа тартылды,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Қазақстан заңнамасы бойынша кез келген басқа азаматтығын алғаннан кейін адам күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруға және азаматтығынан айырылғанын тіркеуге міндетті.

 Алайда Қазақстанның кейбір тұрғындары басқа мемлекеттің азаматтары бола отырып, Қазақстанға кіру және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланады. Азаматтар Қазақстанның әлеуметтік, зейнетақы және басқа да жеңілдіктерін пайдалану үшін азаматтықтың ауысу фактісі туралы хабарлауға асықпайды. 

 Қараша айында көші-қон қызметінің қызметкерлері Риддер қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2020 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда ол туралы мәлімдемеген және сәйкесінше ҚР азаматтығын жоғалтуды уақтылы рәсімдеген, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев. 

Сот шешімі бойынша құқық бұзушы 200 АЕК айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жас жігіттен Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айрылу рәсімделді. 

Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 50-ден астам қос азаматтық фактісін анықтады, – деп жалғастырды Ринат Шкибаев.
 

Өзгелердің жаңалығы