"Қорықпаймын". Вице-премьер Путиннің елімізге не үшін келетінін айтты

7 Қараша 2023, 12:33
1557
Бөлісу:
"Қорықпаймын". Вице-премьер Путиннің елімізге не үшін келетінін айтты
Фото: Арман Мухатов

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей президентінің Қазақстанға келуі жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл сапар екі елге де тиімді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер «Ресей президентінің сапарына байланысты үкіметте қандай да қорқыныш бар ма» деп сұрады. Путин елімізде сауда-экономикалық форумға қатысады.

Жоқ, мен қорықпаймын. Неге олай деп ойлайсыз? Бұл біздің тату көршілік, оның ішінде сауда-экономикалық қарым-қатынастар. Мені қызықтыратыны да осы. Бұл форум 20 жылдан бері өтіп келеді. Биылғы жылы ең алдымен біздің елдердің тұрғындары мен бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелерін талқылаймыз. Бұл форум ауыл шаруашылығындағы ауқымды мәселелерге арналады, - деді Жұманғарин.

Сондай-ақ ол форумда ауыл шаруашылғын дамыту, цифрландыру бағытына басым берілетінін айтты.

Бұл жерде қандай саясат болуы мүмкін? Бұл жерде таза экономикалық және сауда қарым-қатынастары талқыланады, - деп нақтылады вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы