Қорғаныс саласында «цифрлық офицерлер» пайда болады

2 Тамыз 2022, 12:36
1519
Бөлісу:
Қорғаныс саласында «цифрлық офицерлер» пайда болады

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Цифрлық офицерлер» - цифрлық трансформацияны жүргізуге жауапты, цифрландыру стратегиясын айқындайтын басшылар. Бұл мемлекеттік цифрлық платформалармен және жобалармен үйлестіруді қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық даму саясатының бастамашылары мен жолсеріктері. Бірінші кезеңде «цифрлық офицерлердің» 13 лауазымын енгізу ұсынылады, онда жақын арада цифрлық трансформация жоспарланып жатыр, - деді Ахмадиев.

Оның айтуынша, негізі цифрлық офицерлер цифрландыру мәселесіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына бағынады.

Басшылардың орынбасарлары лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді Қарулы Күштердің лейтенанттарынан генералдарына дейінгі офицерлері арасында цифрлық платформаны қолдану арқылы онлайн режимінде өткізу ұсынылады. Іріктеуден кейін офицерлерді оқытып, тиісті лауазымдарға тағайындау жоспарлануда. Айта кетерлігі, Қарулы Күштер тарихында алғаш рет офицерлерді іріктеу онлайн режимінде өтеді. Бұл іріктеудің мақсаты - өзгерістер агенті болуға дайын ең жақсы үміткерлерді таңдау.Цифрлық офицерлер дәстүрлі процестерді цифрлық процестерге айналдыру арқылы өсу мен стратегиялық жаңаруды қамтамасыз етеді, - деді Ахмадиев.

Өзгелердің жаңалығы