Қорғаныс министрлігінде мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша кеңес өтті

27 Тамыз 2022, 19:30
1048
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінде мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша кеңес өтті
PHOTO

Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес болып өтті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда 2022 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындықтың негізгі мәселелері қаралды.

Жиынға Бас әскери прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар және Денсаулық сақтау министрліктері, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты. Селекторлық байланыс арқылы өткен кеңеске облыс орталықтарының және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері мен қорғаныс істері жөніндегі департаменттері де қосылды.

Қорғаныс министрлігінде мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Отырыста Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов көктемгі шақыру науқанының қорытындысы жайлы баяндама жасады. Онда жаңашылдықтың арқасында қол жеткізген жетістіктер мен жекелеген олқылықтар аталды. 

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудағы негізгі міндет Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жас сарбаздармен сапалы және уақытылы жасақтау деді. 

Қорғаныс министрлігінде мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша кеңес өтті

 Әскерге шақырудың сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, көктемгі әскерге шақыру науқанының нәтижелері бойынша жекелеген жергілікті атқарушы органдарда шешілмеген проблемалық мәселелердің бар екені жайлы қорытынды жасауға тура келеді, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

 Одан өзге Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды уақытылы жасақтауға қатысты проблемалары бар тиісті шақыру комиссияларының төрағалары болып табылатын облыс әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды.

Қорғаныс министрлігінде мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары әділет полковнигі Мақсат Қазиев кеңес барысында сөз сөйлеп, қадағалау органдарының заңдылықты сақтау бойынша қабылдап жатқан шараларын айтты.

Кеңес соңында Қорғаныс министрі алдағы қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шараларын сапалы ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы