Қорғаныс министрі өзіне тағылған айыпқа жауап берді

7 Маусым 2023, 15:38
1602
Бөлісу:
Қорғаныс министрі өзіне тағылған айыпқа жауап берді
Фото: BAQ.KZ архив

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұлттық ұлан қоймаларынан жанар-жағармай ұрлау фактілерін жасырды деген айыпқа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетейік, 2018 жылы Астана қаласы маңындағы Қараөткел ауылында 5571 және 3656 әскери бөлімдерде жанар-жағармайдың ұрлануы жайлы жазған едік. Осы іске Ұлттық ұланның бұрынғы кадрлық әскери қызметшісі, отставкадағы подполковник Нұржан Жақсыбаев айыпталушы болған. Нұржан Жақсыбаевтың адвокаты Самат Сырлыбаев жанар-жағармайды жеке үйлеріне пайдаланған түлғалардың да болғанынын айтты.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшының орынбасары Жандос Омарқұловтың үйі болды. Әскери бөлімнен талонмен жанар-жағармай алып, үйіне пайдаланған. Сондай-ақ қазіргі Қорғаныс министрі Жақсылықов сол кезде Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болды. Осы әрекеттерді біле тұра ешқандай әрекет жасамады, - дейді Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Самат Сырлыбаев.

Осы орайда, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бұл іске қатысты жауап берді.

Мен негізсіз айыптауларға да түсініктеме бермеймін. Жарайды, бұл заңгер, бұл оның жұмысы. Ол осы арқылы ақша табады,-деді Руслан Жақсылықов.

Өзгелердің жаңалығы