Қорғаныс министрі әскери барлаушыларды құттықтады

6 Қараша 2022, 10:45
1274
Бөлісу:
Қорғаныс министрі әскери барлаушыларды құттықтады

Әскери барлау күні мерекесіне орай Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери барлау органдарының әскери қызметшілері мен ардагерлерін құттықтап, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік жүйесінің жалпы құрылымында әскери барлаудың маңызды рөлін атап өтті.

Қазіргі әскери барлау кәсіби әскери қызметшілерден құралған, жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықталған бөлімдер мен бөлімшілерден тұрады. Әскери барлаушылар көбіне Қарулы күштердің басқа түрлері мен бөлімшелерінің мүмкіндіктерінен тыс тапсырмаларды орындайды. Бұл қызмет олардан кәсіби машықты, ұтқырлықты, біліктілікті, өзара көмек көрсетуді, жауынгерлік даярлықты және кез келген уақытта тәуекелге бел бууға және жанқиярлыққа дайын болуды талап етеді, – деді қорғаныс ведомствосының бастығы.

Қазақстан әскери барлау органдарының 30 жылдығын мерекелеу аясында көпшілікке беймәлім, десе де Қарулы күштер мен еліміз үшін қызметі аса маңызды әскери қызметшілер марапатталды. Қазақ әскеріндегі барлау құрылымдарының қалыптасуы мен дамуының негізін қалаған ардагер барлаушылар да назардан тыс қалмады.

Салтанатты шара дәстүрге сай Ұлттық әскери патриоттық орталығындағы шығармашылық ұжымның барлау бөлімшелерінің жауынгерлеріне арнайы дайындаған концертімен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы