Қорғалжын сапары. Ақырғы күн

16 Маусым 2020, 14:10
3543
Бөлісу:
Қорғалжын сапары. Ақырғы күн
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Қорғалжын-Бозоқ бағытындағы салт аттылар сапарының соңғы күні және соңғы жолсапар очеркі. 

Айта кетейік, жобаның басты мақсаты - биылғы коронавирус індеті жағдайында еліміздің ішкі туризмін насихаттау, Қазақстанның тарихи жерлерін таныстыру арқылы жылқы туризміне қызығушыларға мүмкіндік жасау. Атқа міну мәдениеті – қазақ халқының қанына сіңген, өмірлік серігіне айналған үрдіс. Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар жасалып, GPS координатаға жаңа нүктелер түсірілетін болады.

1.jpg 

At-travel.kz салт аттылар клубының маусымашар сапары бүгін соңына жетуі керек. Үш күнгі жүрістен кейін жігіттер де сыр бере бастаған секілді.

2.jpg 

Таңғы сағат 5-те ояндық. Далаға ұйықтағанның бір ерекшелігі, ұйқың тез қанып, сергек тұрасың. Қайрат тұрғанша аттарды ерттеп, арқан-жібін жинақтап қойдым.

3.jpg 

Кеше түнде Оразақтың маңында қалған артқы топтан Берік аға хабарласты. Ол кісі де енді оянып жатыр екен. "Сарка" жүріске жарамайды, жетелеп алу керек.

4.jpg 

Күні бойы жүріп, таңға жақын отқа қойып, таңертең суарып, ер салғанда қос құлағын қайшылап тұрған аттан мықты ат жоқ дейтін бір атбегі ағам. Сұлусарыға қарап сүйсініп отырмын. Кешегі жүрісті елең қылмағандай.

5.JPG 

"Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет..." деген осы ғой. Жүрісі де жайлы, осы соңғы күні жүрісі ерекше құлпырды. Нағыз "Арғымақтың баласы арыған сайын тың жортар" дегендей, Сұлусарының жолжорғасы біраз атты желдіртті.

6.jpg 

Артқы топты Ақмол ауылының маңында күтетін болып, біз жылжып кеттік. Бірлік ауылынан Бозоққа дейін де әлі 50 шақырымнан астам жол бар. Бозоқта "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының" қызметкерлері күтіп алатын болған.

 7.jpg

Өтеміс пен Ақмолдың ортасындағы шоқ теректің арасына келіп аттан түсіп, тоқымды төсеніп, ерді жастанып жантая кеттік. Артқы топ келгенше көз шырымын алып алу ойда бар.

8.jpg 

Айтпақшы, бүгінгі сапарға Мерген Тоқсанбай ерген жоқ. Кешегі түнге дейін жүрген жүрісте ат соғып тастаған екен. Ал Сергей Корносенко түнде енді атқа мінбеймін деп жатыр еді, таңертең мінді.

9.jpg 

Бұл өте жақсы сапар болды. Әрине, алғаш мініп шыққан атымның ақсап қалғаны ыңғайсыз болды, дегенмен жетем деген жерге жетуге шыдамым жетеді деп ойлаймын, – дейді Ресейден келген қонағымыз.

 10.jpg

Біз бір сағаттай демалғанда артта қалған Берік ағамыз бен Дидар да келді. Целиноград ауданының орталығы – Ақмол ауылынан өткен соң бірыңғай "Астана орманы" аталатын тоғайдың ішімен жүрдік.

11.jpg 

Бозоқ қалашығының орны Елорданың іргесіндегі Үркер шағын ауданының солтүстік батысында орналасқан. Ақмолдан Бозоққа тіке тартқанда жолда Мұқыр, Қозыкөш, Қарасу қатарлы шағын-шағын өзендерге тіреле бердік.

12.jpg 

Жол жақын деп түскі ас алмай шыққан едік, жігіттердің жағдайы кете бастады. Саркадан кейін Сергей Бурашқа мінген еді. Ол да арықтады. Сергейге Аланы мінгізіп, Дидар менің жетегімдегі Ақтабанға мінді.

13.jpg 

Ильинканың да шетіне іліндік. Бозоқта күтіп отырғандардан хабар келе бастады. Дастарқан жаюлы, үй тігулі, ет асулы, қымыз сапырулы. Бірақ соған жету мұң. Жол жоқ. Айналып өтесіз.

14.JPG 

Таңғы 8-де Нұра өзенінен Отаутүскенге өтетін көпірдің аузынан шыққан едік. Түс ауа Бозоққа зорға жеттік. Бозоқтықтар тік тұрып қарсы алды. Сәуле Бөкейханқызы басқарып отырған ұжым алдымыздан шашу шашып, ақ пейілмен күтіп алды.

 15.jpg

Музей қызметкерлері салт аттыларға шара-шара қысыз ұсынып, ат тізгінінен алып, қолтықтап түсірді.

16.jpg 

Дала сахнасында таныстыру жасап, қазақтың байырғы дәстүрі – сәбиді атқа мінгізу салтын көрсетті.

17.JPG

 Зейнолла Самашев, Жамбыл Артықбаев қатарлы білікті тарихшылар, министрлік өкілдері, музей қызметкерлері бар біраз қауым Қорғалжыннан келген салт аттыларды алқалай отырып, емен-жарқын әңгіме өрбітті.

18.JPG 

Сәуле Бөрібаева Бозоқ музей-кешенінің алдағы уақытта қалай гүлденетінін айтты. Бұл жерде алдағы уақытта кішігірім қалашық бой көтермек. Онда ұлттық этнодүниенің барлығы болады дейді Сәуле Бөкейханқызы.

 19.JPG

Бозоқтықтар ауылдың алты ауызын шырқаған соң, Мерген де қарап қалмай, қонақкәде жасады. Үш күндік сапарда шаршағаны ұмытылып, жігіттер бір желпініп қалды.

IMG_6290.jpg 

At-travel.kz салт аттылар клубының маусымашар сапарының басты мақсаты орындалды. Қорғалжыннан Бозоққа дейінгі 180 шақырым жол бағындырылды.

20.jpeg 

Алайда, біздің сапар әлі аяқталған жоқ. Енді Бозоқтан Қосшыға жетіп алу керек. Білінбей тұрып бұл да жақын жер емес. Үйге жетіп, аттың ерін алып, осылай жайып қойып қана демалуға болады.

Қорғалжын сапарының алғашқы жолжазбаларын мына жерден оқуға болады:

Қорғалжын сапары. Қорық әлі ашылған жоқ

Қорғалжын сапары. "Сұлтанкелдіге" сұлтан келген, "Асаубалықтың" балығы асау

Қорғалжын сапары. "Ғасырдан да ұзақ күн", ғарыштан да ұзақ жол

Өзгелердің жаңалығы