Қора өзенінде су электр станциясы салынды

17 Қыркүйек 2024, 18:43
297
Бөлісу:
Қора өзенінде су электр станциясы салынды
Фото: автордан

Текелі халқы таза суға жарымай жүргенде Қора өзенінде су электр станциясы іске қосылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күз соңында көптен күткен Жетісу өңірінде пайдалануға берілетін үшінші су электр станциясы жұмыс істей бастайды. Әзірге өндіріс орны тестілік режимде іске қосылды. Бүгінде өңірде жаңартылатын энергия көздерін өндіретін 15 кәсіпорын бар. Олардың жалпы қуаты 210,5 МВт құрайды. Одан бөлек шағын тағы 3 СЭС іске қосылады. Олар Ескелді мен Сарқан аудандарында орналаспақ. Бүгінде «АСПМК-519» ЖШС салып жатқан Коринская ГЭС-інің құрылысы аяқталуда.

Су элекстр станциясының салынғаны қуаныштымыз, тек таза суға қол жетпей отырғанда бұл жобаның қандай маңыздылыңы бар соны түсінбедік. Біздің уайымымыз ауызсу мәселесі тағы да қиындайды ма деп ойлаймын. Әрине жасыл энергияға жәрдемі мол шығар, бірақ алдымен халықтың қамы бірінші орында тұру керек қой, - дейді моноқала тұрғыны Андрей Игоров.

Аталған нысанның қуаты 29 МВт құрайды. Осы күні құрылыс жұмыстары тәмамдалып, гидроагрегаттар толығымен орнатылған. Оған қоса тоқ желілері мен кабельдік жүйелерді орнату жұмыстар да жүріп жатыр. Үш агрегат сынақ үшін қосылған екен.

Бір айта кетерлігі, станцияның жабдығы шетелден алынған. Заманауи құрылғылар Австрия еліне жеткізілді. Сол себепті сол елдің мамандары алдымен өндіріс орнын зерттеп, онлайн режимде іске қосады. Жабдықты қашықтан конфигурациялап, сынақтан өткізетін болады. Ең бастысы отандық мамандар бұл үдерісті бақылап, тәжірибеден өтеді. Білікті мамандар жасақталу үстінде. Бүгінде нысанда 21 адам қызмет етеді, - дейді Коринская ГЭС басшысы Ілияс Хамитов.

Айта кетейік, Жетісу жерінде алдағы уақытта 8 осындай станция ашылады. Бұл 2026 жылға дейін жоспарланған жоба.

Өзгелердің жаңалығы