"Қоқысты кофе/снэкке айырбаста". Алматылықтар 197 келі қоқыс өткізіп, купон алды

16 Сәуір 2024, 16:04
1199
Бөлісу:
"Қоқысты кофе/снэкке айырбаста". Алматылықтар 197 келі қоқыс өткізіп, купон алды
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

"Қоқысты кофе/снэкке айырбаста": акцияның бірінші күнінде алматылықтар 197 келі қайта өңделетін шикізат тапсырып, 128 купон алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Алматы — біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында 15 сәуірде «қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясы басталды. Ол 2024 жылдың 8 мамырына дейін жалғасады.

Қала қонақтары мен тұрғындары акцияға белсенді қатысып жатыр. Қатысушылар қайта өңдеуге қайталама шикізат тапсырып, оның орнына азық-түлікке сыйлық купонын алып жатыр.

"Қоқысты кофе/снэкке айырбаста". Алматылықтар 197 келі қоқыс өткізіп, купон алды

Қалада "Қоқысты кофе/снэкке айырбаста" қалалық акциясының бірінші күні қала тұрғындары қайта өңдеуге арналған 197 келі материалды (45 келі пластик, 31 келі алюминий, 70 келі макулатура, 51 келі шыны) қабылдау пункттеріне тапсырды. Айырбастау үшін оларға кофе/бургер/донер/пиццаға 128 купон берілді. Акция әлі де болса жалғасып жатыр. Іс-шараға Алматы қаласының барлық тұрғыны мен қонақтары қатыса алады. Қатысушыларға макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банка, шыны бөтелкелерді қосқанда қайта өңдеу үшін белгілі бір мөлшерде қайта өңдеуге арналған шикізатты өз бетінше жинау ұсынылады, - дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Жиналған материалдар қайталама шикізатты қабылдау пунктіне келесі мекен-жай бойынша тапсырылады:

Қабылдау пункттері:
1.Алатау ауданы, Ecosen, Нұркент ықш., 7/1
2.Алмалы ауданы, Ecosen, Байзақов көш., 73/1
3.Әуэзов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, 8-ықшамаудан, 58а
4.Әуезов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Ақсай-3, ықш.,1а/1
5.Бостандық ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Тимирязев, 81/3 киоск
6.Бостандық ауданы, Ecosen, Розыбакиев, 247/3
7.Медеу ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Самал-1 ықш., 32 киоск
8.Медеу ауданы, «Hello Eco» эко-тауар дүкені, Самал-2 ықш., 56А үй
9.Жетысу ауданы, Қазыбаев, 264а (Карина Trading)
10.Наурызбай ауданы, Райымбек, 548/2
11.Түрксіб ауданы, Жас Қанат, 1/28
 

"Қоқысты кофе/снэкке айырбаста". Алматылықтар 197 келі қоқыс өткізіп, купон алды

Әр материал үшін купон түрінде 5 түрге айырбастау ұсынылады: пицца, бургер, кафе, донер мен додстер купондары.

- 2 келі макулатураны (қағаз, картон) кофе купонына;
- 1 келі пластик бөтелкені (ПЭТ-бөтелке) бургер купонына;
- 1 келі алюминий банканы донер немесе додстера купонына;
- 3 келі түссіз шыны (түссіз) бөтелкені пицца купонына айырбастайды.

"Қоқысты кофе/снэкке айырбаста". Алматылықтар 197 келі қоқыс өткізіп, купон алды

Купондардың жарамдылық мерзімі — 2024 жылдың 8 мамырына дейін. 
Акцияның серіктестері компаниялары — Salam Bro, Dodo Pizza, Gippo, Degirmen.

"Қоқысты кофе/снэкке айырбаста". Алматылықтар 197 келі қоқыс өткізіп, купон алды
"Қоқысты кофе/снэкке айырбаста". Алматылықтар 197 келі қоқыс өткізіп, купон алды
"Қоқысты кофе/снэкке айырбаста". Алматылықтар 197 келі қоқыс өткізіп, купон алды
Өзгелердің жаңалығы