Қоқысты рұқсатсыз төккен жүргізуші 75 мың теңге айыппұл төледі

16 Қаңтар 2019, 09:22
2111
Бөлісу:
Қоқысты рұқсатсыз төккен жүргізуші 75 мың теңге айыппұл төледі

Астана, BAQ.KZ. Астанада "Камаз" көлігінің жүргізушісі рұқсат етілмеген орынға қоқыс төккен.

Елорда аумағының санитарлық жағдайын жақсарту, сондай-ақ "Астана қаласының аумағын абаттандыру ережелерін" бұзуға жол бермеу мақсатында Астана қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерімен стихиялық қоқыс қалдықтарын төгуге жол бермеуге бағытталған іс-шаралар күнделікті түрде жүргізіліп отырады.

Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтарында "Есіл" ауданы ПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аумақты тексеру барысында «Nova City» тұрғын үй кешенінің аумағына «Astana-Тrade Development» құрылыс нысанынан шығарылған құрылыс қоқыстарын тастаған "Камаз" маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1967 ж.т. Ш. есімді азаматты ұстады.

1967 ж.т. Ш. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабын "қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын  абаттандыру қағидаларын..." бұзғаны үшін 30 АЕК (75 750 теңге) көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, бақылаусыз және абаттандыру ережелерін бұзуға жол бергені үшін жоғарыда көрсетілген объектінің бас мердігері - "Астана-СтройДизайн" ШЖС 40 АЕК (101 000 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Өзгелердің жаңалығы