Қоқыс жәшігінен табылған сәби: Жамбыл облысында күдікті әйел анықталды

Жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырды деген күдікке ілінген әйел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол кінәсін мойындаған.

2 Қыркүйек 2026, 17:20
АВТОР
 Жамбыл облысының Полиция департаменті 2 Қыркүйек 2026, 17:20
2 Қыркүйек 2026, 17:20
198
Фото: Жамбыл облысының Полиция департаменті

Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылған іске қатысты жаңа дерек белгілі болды. Полиция нәрестені қауіпті жағдайда қалдырды деген күдікке ілінген әйелді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілген. Нәтижесінде күдікті әйел қысқа уақыт ішінде анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Ведомствоның хабарлауынша, әйел өз кінәсін мойындаған.

Жан-жақты, толық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деп хабарлады облыстық ПД.

Сонымен қатар полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, іс бойынша өзге ақпараттың жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Бұған дейін Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылғаны хабарланған болатын. Сәби медициналық мекемеге жеткізілген.

Наверх