Қонаевта африкалықтар заңсыз жұмыс істеген

25 Маусым 2023, 20:21
1114
Бөлісу:
Қонаевта африкалықтар заңсыз жұмыс істеген
Фото: semeytany.kz.

Қонаевта білім беру мекемелерінің бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген Нигерияның тоғыз азаматы және Камерунның екі азаматы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ semeytany.kz сілтеме жасап.

Олар ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған.

Тексеру кезінде аталған шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүргені анықталды. Олардың республикада болу визаларының мерзімі өтіп кеткен.

Жұмыс берушілерді анықтап, оларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы