"Қолында пышақ ұстап жүрді". Куәгер Бишімбаев туралы тың дерек айтты

29 Наурыз 2024, 18:35
10463
Бөлісу:
"Қолында пышақ ұстап жүрді". Куәгер Бишімбаев туралы тың дерек айтты
Фото: скриншот

"Бао" мейрамханасында бармен болған Абылайхан Ерденов Бишімбаевтың ісіне қатысты сотта жауап беріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші қабатта жұмысқа кірісіп кеткен едім. Негізі түңгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеуім керек. Кешкі жетіге қарай Байжанов қоңырау шалып, "Бао" мейрамханасына көтерілуім керегін айтты. Мен бірден сол жаққа бардым. Лифтпен барсам, ол жерде жедел жәрдем қызметкерлері келген екен. Қуандық Уәлиханұлының қолында пышақ бар екен. Жанымда Бақытжан бар еді. Мен қорқып кеттім. Ол (еск. - Қуандық) дәретхана жаққа кетіп қалды. Сол жаққа пышақпен кіріп кетті. Қорқып кеттік те, артынан жүрдік. Қолынан пышақты тартып алып, полицияның келгенін күттік. Шамамен 15-20 минуттан кейін полиция келді, - деді Ерденов. 

Оның айтуынша, Бишімбаев мас күйінде болған.

Бишімбаев ештеңе айтқан жоқ. Ол есін дұрыс білмей тұрды, ол жерде бәрімізде қорқып қалдық. Жылап тұрғанын көрдім. "Мен неге осылай істедім" дегендей бірдеңе айтты. Неге олай дегенін кейін түсіндік. Бәріміз, ол да абдырап тұрды, – дейді бармен. 

Кейін Бишімбаевтың адвокаттары сұрақты нақтылаған кезде куәгер Бишімбаевтың "Мен оны өлтірдім бе не?", "Мен оны жақсы көрдім ғой", " Бұл қалай болды болды?" деген сияқты сөздерді айтқанын атап өтті.

Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова экс-министрдің әйелі Салтанат Нүкеноваға деген қызғанышы қайдан туып отырғанын және Нүкенова мұндай жайтты қалай қабылдағанын сұрады.

Өзгелердің жаңалығы