Қолымнан келмейді десеңіздер орын босатыңыздар. Смайылов министрлерге ескерту жасады

14 Желтоқсан 2022, 09:26
4286
Бөлісу:
Қолымнан келмейді десеңіздер орын босатыңыздар. Смайылов министрлерге ескерту жасады

Қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын десеңіздер қазірден орын босатыңыздар. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жақында Президент сайлауы өтті. Оған дейін Конституцияға өзгертулер енгізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдағы 7 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуы тиіс. Қоғам бізден нақты, оң өзгерістер күтіп отыр. Бағыт айқын - өзара байланысты үш қағидатқа,   яғни: Әділетті мемлекет – Әділетті экономика – Әділетті қоғамға негізделген жаңа мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін барлық тиісті жұмысты атқаруымыз керек, – деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, Мемлекет басшысы Үкіметтен «жаңа жылға Үкіметтің қазіргі құрамымен аяқ басуға бола ма?» деген сұраққа нақты жауап күтеді.

Мен Премьер-министр ретінде Президент жүктеген міндеттерді орындауға әрі тиімді шешуге бар күшімді саламын. Осында отырған   әрбір Үкімет мүшесінен де   нақты жұмыс күтілуде. Біздің жұмысымыздың нәтижесін қазақстандықтар сезінуі керек. Талап өте жоғары. Ал, қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын десеңіздер қазірден орын босатыңыздар! Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз, – деді Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы