Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Миссури университетінің ғалымдары қолтырауын тозған тістерін «өздігінен түсіріп», оның орнына жаңа тістерді өсіріп шығара алады деген қорытындыға келді. Бұл туралы Journal of Zoology баспасы жазды.
Адамдардан қарағанда қолтырауындар тістерінің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін оларды тазартып отырмайды. Алайда, қолтырауындар жануарлар әлеміндегі тістүйісі ең мықты жануарлардың бірі саналады. Олардың тістерінің мықтылығы сонша, тасбақа, гну антилопасы және тағы сол сияқты ірі жануарлар тәрізді «тағамын» бөлшектеп жібере алады.
Биоинженерлер командасы рентгеннің үшөлшемдік сканерінің көмегімен қолтырауындардың тіс эмалінің қалыңдығын өлшеді. Зерттеу нәтижесінде, жыртқыш рептилияның жасына, тісінің орналасуына және оның тамақтану рационына қарамастан, қолтырауынның тіс эмалі өте жұқа болатыны анықталды. Бұл адамдарда және тістүйісі мықты саналатын басқа да жануарларда байқалатын процеске қарама-қайшы құбылыс.
Ғалымдардың пікірінше, олардың ғылыми жаңалығын адамдардың тіс күтімінің жаңа әдістерін ойлап табу мақсатында қолдануға болады.
«Біз генетикалық деңгейде қолтырауындардың қалай жаңа тіс өсіріп алатынын зерттеп білген кезде, биоинженерияның көмегімен адамдардың тістерін дәл солай өсіріп алатын боламыз. Адамдар протез киіп, тісін әртүрлі металмен қаптатқанша, жаңа тіс «өсіріп» алуға мүмкіндігі болады», - деді Миссури-Канзас-Сити университетінің стоматологі Брианна Шмигелоу.
Зерттеушілердің ендігі мақсаты – қолтырауын тістерінің қалай ауысатынын, оның орнына жаңа тістің «өсіп шығу» процесін жіті зерттеу, сонымен қатар бұл құбылыстың генетикалық себептерін анықтау.