«Қолма-қол ақшамен төлеңіз». Саудагерлер неге электронды ақша қабылдамайды?

7 Тамыз 2023, 15:39
1487
Бөлісу:
«Қолма-қол ақшамен төлеңіз». Саудагерлер неге электронды ақша қабылдамайды?
Фото: Арман Мухатов - архив

Базарда, дүкенде саудагерлер не себепті электронды ақшаны қабылдағысы келмей, қолма-қол төлем сұрайды? Бұл қаншалықты дұрыс? Бұл сұраққа қаржыгер Сымбат Сағидоллаева «Жаңарған Қазақстан» арнайы жобасының кезекті санында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салық – ол кез келген мемлекет тұрғынының инфрақұрылымды қолданғаны үшін беретін жарнасы. Бізде әр жыл сайын немесе Парламент, министрлер өзгерген сайын бұл жарна да өзгеріп отырады. Өйткені әркім өзінің өзгерісін енгізгісі келеді, - деді қаржыгер Сымбат Сағидоллаева.

Қаржыгер салық режимі енгізілгелі бері электронды ақша қабылдамайтын саудагерлердің көбейіп кеткенін айтты.

Салық режимі қосылғалы бері базарларға барған кезде саудагерлердің «қолма-қол ақшамен төлеңіз», «біз Kaspi-мен қабылдамаймыз» деп айтатындарын байқадық. Неге? Өйткені кез келген заңды тұлғалардың бизнес шотынан басқа шоттары да, мысалы, Kaspi-і де бақылауға алынды. Сол себептен базарда тұратын және шағын дүкен иелері «қолма-қол ақшаны ғана бересіз» дейді. Бұл «қара сауданың» дамуына алып келеді. Бұл негізінен дұрыс емес, - деп түсіндірді экономист.

Сағидоллаева «қара саудамен» қалай күресу керегін айтты.

Салық органдары «мұнымен қалай күресеміз?» деген сұрақты қойды. «Нарықта қолма-қол ақша көбейіп кетпей ме?» деген сұрақты да көтерді. Егер фискалды түбіртек сұрасаңыз, бірақ оны бермесе, онда ол туралы салық органдарына хабарлайсыз және сізге бонус түседі, - деп айтты қаржыгер «Жаңарған Қазақстан» жобасына берген сұқбатында.

Елімізде Салық Кодексіне қандай түзетулер енгізілген:

  • Бірінші блок: еңбекақы қорына жүктемені азайту;
  • Екінші блок: салалық заңнамалардағы өзгерістер;
  • Үшінші блок: отандық тауар өндірушілерді ынталандыру;
  • Төршінші блок: көлік жүйесін одан әрі дамыту;
  • Бесінші блок: жеке тұлғалардың төлемдері.

Бұған дейін «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті санында салық мәселесі қозғалғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы