Қоғамның сұранысы мен биліктің тапсырмалары сәйкес келіп тұр – Ахметжанов

20 Мамыр 2022, 09:55
2133
Бөлісу:
Қоғамның сұранысы мен биліктің тапсырмалары сәйкес келіп тұр – Ахметжанов
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов  «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форум барысында айтты.

Министр аталған форум алғаш рет осындай форматта өтіп жатқанын айтты. Проблемалық әдістерді қолдану қоғамның полицияға деген сенімін арттырады.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ел дамуының жаңа бағытын белгіледі. Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаты айтылған болатын.  Себебі қоғамның сұранысы мен биліктің тапсырмалары сәйкес келіп тұр. Бұл ретте полиция да шетте қалмауы тиіс. Полиция күнде халықпен тығыз байланыста отыр. Бұл тек әкімшілік пен қылмыстық заңнамаға ғана қатысты емес,- деді Ахметжанов.

Қоғамның сұранысы мен биліктің тапсырмалары сәйкес келіп тұр – Ахметжанов

Ол атағандай, халықпен әділ жұмыс істеу полицияның сервистік моделімен қатар енгізіледі.

Сервистік полицияны енгізу стратегиялық мақсатта жүзеге асыру керек. Полицияның жұмысын қағазбастылықтан арылтып, есептік жұмыстан шынайы іске көшуді білдіреді. Бұл тәсіл икемді сараптамаға бейім болуы керек. Жаңа негізде  жаңа полицияны құру мақсаты тұр. Қоғам бүгінгі таңның клиенттері, полиция оған сәйкес жұмыс істеуі керек,- деді Марат Ахметжанов.

Форумды  ІІМ БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы