Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны төмендеді

18 Қаңтар 2024, 12:29
362
Бөлісу:
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны төмендеді
Фото: ОКҚ

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде сөз алған ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

Күнделікті қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 14 мыңнан астам полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылып отырады. Олар көшелерді, саябақтарды, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды қадағалайды. Азаматтар көп жиналатын орындарды және криминагенді аудандар да тәулік бойы 193 модульдік полиция бекеттері жұмыс жасайды.

Өткен жылы ішкі істер органдары 10 млн-нан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде бұзақылық жасау, қоғамдық орындарда тиісу, тыныштықты бұзу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактілер анықталды. Сонымен қатар тұрмыстық жанжалдар бойынша 50 мың өтініш қаралды, 64% материал бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, қамауға алынғандардың саны екі есеге өсті,- деді брифинг барысында Қайсар Сұлтанбаев.

Сондай-ақ оның айтуынша жүзеге асырылған шаралардың арқасында өткен жылы қоғамдық орындарда жасалған құқықбұзушылықтың саны – 12%-ға төмендеген. Оның ішінде көшеде жасалған қылмыстардың саны –15%-ға қысқарған. Адам өлтіру фактісі - 33%, бұзақылық -29%, қарақшылық-14%, тоңау -13%, ұрлық -11%-ға төмендеп отыр.

Аталған жұмыстар осы жылы да жалғасын табады деді маман.

Өзгелердің жаңалығы