Қоғамдағы кейбір азаматтар әйелдерге қамқорлық танытуды білмейді - сарапшы

14 Қараша 2023, 10:58
664
Бөлісу:
Қоғамдағы кейбір азаматтар әйелдерге қамқорлық танытуды білмейді - сарапшы
Фото: автордан

Астанада Орта Азия өңірінде әйелдер мен қыздардың зорлық-зомбылыққа ұшырамауына, ерлердің қоғамдағы нәзік жандылардың мәселесіне назар аударына арналған өңірлік оқыту семинары өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқыту семинарына халықаралық мамандар да келген. Олар өз елдерінің тәжірибелерімен бөлісіп, ер адамдардың нәзік жандыларға қатыгездік танытпау жолдарын атап өтті. 

Біздің мақсатымыз – өзіміздің жобаларымыз арқылы әйел адамдардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырамай, бақытты өмір сүруіне жағдай жасау. Қоғамдағы кейбір келеңсіз жағдайлардан әйелдердің көбірек зардап шегіп жатқанын көруге болады. Дегенмен біз бұл кемшілікті халықаралық тәжірбиені негізге ала отырып өзгертуге мүмкіндігіміз бар. Сол себептен ер адамның қоғамдағы ролін анықтап, оның қандай әрекеттерге бармай, отбасын бақытты сақтап қалуына мүмкіндік барын айқындап беру жөн деп санаймыз. Себебі қоғамдағы кейбір азаматтар әйелдерге қамқорлық танытуды, оған қатыгездік көрсетпеу жолдарын білмей жатады. Ер адам «Мен басқарушымын, бәрі менің мойнымда» дей берсе, ол жауапкершілікті бөлісе алмайды, адаммен тең сөйлесуден қалады. Агрессивті болуы да мүмкін. Ер адамдардың жағымсыз идеологияның құрбаны болмағанын қалаймыз, – дейді  гендер теңдігі маманы, сарапшы Натко Греш.

Қоғамдағы кейбір азаматтар әйелдерге қамқорлық танытуды білмейді - сарапшы

Астана қаласындағы Әкелер одағы қоғамдық қорының төрағасы Бекдайыр Күзембайдың айтуынша, семинар арқылы қоғамдағы ерлерді тәрбиелеп, көрсеткішті төмендетуге болады. 

Қоғамдағы кейбір азаматтар әйелдерге қамқорлық танытуды білмейді - сарапшы

Кешеден бері БҰҰ ұйымдастыруымен халықаралық семинар өтіп жатыр. Іс-шара әкелер мен ұл баланы қоғамда әйел затын сыйлауға, құрметтеуге, қастандық жасамауға, зорлық-зомбылық көрсетпеуге тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатыр. Бұл семинардың ауқымы үлкен. Орта Азияның бес елінен мамандар келіп отыр. Статистикаға келер болсақ, кешелі бері Орта Азия елдерінің көрсеткіштері бірдей екеніне көзіміз жетті. Барлығы дерлік 60-70%-ды көрсетіп отыр. Менің ойымша, осындай басқосулардың арқасында қоғамды тәрбиелеп, көрсеткішті төмендетуге болады. Қыз баласын төмен санап, келеңсіз жағдайларға ұшыратып жатқан жағдайлардың орын алып жатқаны жасырын емес. Алдағы уақытта мұндай семинарлар адамдардың, әсіресе, ер-азаматтардың, көзқарасын өзгертеді деген сенімдемін, – дейді Астана қаласындағы Әкелер одағы қоғамдық қорының төреғасы Бекдайыр Күзембай.

Өзгелердің жаңалығы