Қоғамдағы гендерлік саясатқа қатысты зерттеу жүргізілді

7 Наурыз 2023, 12:26
1036
Бөлісу:
Қоғамдағы гендерлік саясатқа қатысты зерттеу жүргізілді
Фото: taldykorgan-online.kz

Қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясатқа қатысты жүргізілген зерттеудің қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ОКҚ-да өткен брифингке «Қазақстандық қоғамдық даму инcтитуты» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» зерттеуіндегі өзекті тақырыптарға тоқталды. Ол институт жүргізген қоғамдық зерттеудің қорытындыларын жариялады.

Зерттеудің мақсаты – гендерлік саясат саласындағы проблемалық аспектілерді талдау, Қазақстан гендерлік саясаттың ерекшеліктерін ескере отырып, қазіргі біздің қоғамдық-саяси қызмет саласындағы әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асырудың тиімді жолдарын анықтау.

Біз бірнеше зерттеу міндеттерін алға қойдық. Олар: гендерлік саясат саласындағы шет мемлекеттердің озық тәжірибесі, гендерлік саясатты іске асыру тетіктерін зерттей отырып, қандай мәселені шешу қажет, гендерлік саясатты жүзеге асыруда әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша мемлекеттен қандай шаралар қабылданып жатыр, әйелдер ақпаратты қайдан алуы керек. Осы мәселелерге жан-жақты зерттеу жүргіздік, - деді Әсем Қайдарова.

Сонымен қатар сандық және сапалық әдістерді қолданып, әлеуметтану зерттеуін жүргіздік, практикалық ұсыныстар жасадық.

Сөзінше, сауалнамаға еліміз бойынша барлығы 1 200 респондент қатысқан. Бұл республикалық маңызы ар үш қала және 14 облыс. Айта кетерлігі, зерттеу жаңа облыстар құрылмай тұрып жүргізілген. 

Зерттеу 18 және одан асқан Қазақстан азаматтары арасында жүргізілді. 

Өзгелердің жаңалығы