ҚМДБ жауабы: Домбыра тарту харам ба?

9 Қыркүйек 2023, 16:41
12132
Бөлісу:
ҚМДБ жауабы: Домбыра тарту харам ба?
Фото: Артём Чурсинов

Қоғамда біраз жыл бойы жауабы айтылып келе жатса да, домбыраны харам, кейбір қазақ дәстүрлерін дұрыс емес деп айтып келе жатқандандар бар. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде кейбір іні-қарындастарымыздың "домбыра шерту, беташар жасау, келіннің сәлем салуы - харам" деген мағынада айтқан пікірі қоғамда түсінбеушілік тудыруда. Осыған байланысты азаматтар тарапынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауалдар келіп түсуде, - делінген хабарламада.

Дінде тек арақ пен әдепсіз іске үндейтін әнге тыйым салынған.

Ислам әлеміндегі танымал ғұламалардың бірі де бірегейі Имам әл-Ғазали мен Әбу Ханифа мәзһабының көрнекті ғалымы Абдул-Ғани ән-Нәбулусидің көзқарасы бойынша дінді насихаттау, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, бірлік пен адамгершілікке шақыру мағынасында айтылған әнге рұқсат. Ал адамға жаман ой тастайтын, арақ пен әдепсіз іске үндейтін ән айтуға шариғатымыз тыйым салған, – деп жазды діни басқарма.

Өзгелердің жаңалығы