ҚМДБ лудоманияның шариғаттағы үкімін айтты

11 Қараша 2023, 12:08
823
Бөлісу:
ҚМДБ лудоманияның шариғаттағы үкімін айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесі лудоманияға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Лудомания ойынқұмарлық деген мағынаны білдіреді. Лудомания (гемблинг, игромания) термині құмар ойынға тәуелділік деген мағына береді. Шариғатта кез келген ойынға құмар араласса харам, үлкен күнә саналады, - делінген ҚМДБ сайтында.

Оның зардаптары:

1. Құмар ойынға тәуелділік отбасының шырқын бұзып, елдің берекетін кетіреді, қоғамды құлдыратады;

2. Адамның уақытын, мал-дүниесін зая кетіріп, қарызға батырады;

3. Экономикаға кері әсерін береді, адамның өмірін тек иллюзиямен шектейді;

4. Бойын жалқаулыққа, масылдыққа, жауапсыздыққа үйретіп, ақша үшін арын, намысын сататын төмен дәрежеге түсіреді;

5. Жеке тұлғаның жүйкесін тоздырып, тіпті өзіне қол жұмсауға (суицидке) дейін алып барады;

6. Құмар ойыннан ұтылған адамның өзінің серіктеріне деген көреалмаушылығы, кекшілдігі артады.

Егер ойынға құмар араласпағанның өзінде оған әуестігі құлшылығына кедергі болса, уақытын зая кетірсе, психикасы мен болмысына зиян келтірсе, өмірлік қажеттіліктеріне тосқауыл болса, сондай-ақ балағат сөздер айтып, ұрыс-төбелеске алып барса, мұндай ойынға шариғатымызда тыйым салынады, - делінген хабарламада.

ҮКІМ:

1. Лудомания (гемблинг, игромания) – харам.

2. Құлшылыққа, отбасылық және басқа да қоғамдық міндеттеріне кедергі келтіретін ойын құмарлыққа тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы