ҚМА қызметкерлері оқушыларға сабақ өткізді

6 Қазан 2022, 19:05
1317
Бөлісу:
ҚМА қызметкерлері оқушыларға сабақ өткізді
PHOTO

ҚМА қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық сабақтарын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Экономикалық және қаржылық қауіпсіздік. Халықтың қаржылық сауаттылығы" тақырыбында оқушылармен семинар-кездесулер өткізілді. Аталған бастама Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

ҚМА қызметкерлері оқушыларға сабақ өткізді

Бұдан басқа, Агенттіктің аумақтық департаменттерімен Қостанай, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Өскемен және Тараз қалаларындағы оқушылар үшін қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізіліп жатыр. 

Оқушылар Экономикалық тергеу қызметінің тәжірибелі қызметкерлерінен банктік карталар, интернет-сатып алулар және қаржы пирамидаларымен байланысты әртүрлі қаржылық алаяқтық схемалары туралы ауқымды ақпарат алды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының ел азаматтарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылы Агенттік Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 5-11 сынып оқушыларына арналған үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне "бизнес және кәсіпкерлік негіздері" және "қаржылық сауаттылық" екі компонентін қамтитын "жаһандық құзыреттер" курсы енгізілді.

ҚМА қызметкерлері оқушыларға сабақ өткізді

Сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Агенттіктің 2022-2023 оқу жылының екінші жартыжылдығында жоғары сынып оқушылары арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізу жөніндегі бастамасын қолдады.

Өзгелердің жаңалығы