ҚМА: "ҚазАвтоЖол" экс-басқарма төрағасы ұсталды

4 Сәуір 2024, 09:19
4889
Бөлісу:
ҚМА: "ҚазАвтоЖол" экс-басқарма төрағасы ұсталды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

ҚМА баспасөз қызметі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы