ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

19 Қазан 2022, 12:45
1059
Бөлісу:
ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?
PHOTO
Фото: автордан

Бейжіңде Қытай халқы мен әлем үшін тарихи маңызы зор құрылтай өтіп жатыр. Карантин режимінде өтіп жатқан бұл саяси маңызы бар жиында қандай санитарлық-экпидемиологиялық талаптар енгізілген? Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі жазды.

Қытай компартиясының ХХ съезі 16 қазанда басталған болатын. Оған 2 296 делегат қатысып жатыр. Сонымен қатар  қытайлық және шетелдік 300-ге жуық журналист медиа орталықта съездің барысы жайында ақпарат таратып жатыр.

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

Қытай компартиясының ХХ съезіне қатысып жатқан БАҚ өкілдері үшін астана орталығындағы қонақ үйден медиа орталық іске қосылған. Ол 12 қазаннан бастап жұмысын бастады.

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

Өздеріңіз білетіндей, Қытай «нөлдік төзімділік» саясатын ұстанып, COVID-19 індетімен күресті әлі жалғастырып жатыр. 

Бейжіңде Қазақстанда енгізілген «Ashyq» сияқты «Health kit» жүйесі бар. Ол арқылы тұрғындардың денсаулық жағдайын бақылауға болады. Яғни егер азаматта ПТР-тестін тапсырғаннан кейін нәтижесі теріс болса немесе уақытылы тест жасамаса, жүйе жаңармай, «жасыл мәртебе» шықпайды. Сәйкесінше азамат ешқайда бара алмайды.

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

Бейжіңдегі эпидемиологиялық-санитарлық талап бойынша азаматтардың тапсырған ПТР-тесті  72 сағат, яғни 3 күн бойы жарамды. Сонымен қатар астанада маска режимі де қатаң бақылауда.

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

Енді құрылтайға тіркелген журналистердің карантин жағдайында қалай жұмыс істеп жатқанына тоқтала кетейік.

Журналистер алдымен негізгі кіреберісте қауіпсіздік тексерісінен өтеді, сосын баспасөз карталарын көрсетіп, ғимаратқа кіреді.

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

Медиа орталықта карантин ережелері қатаң бақыланады. Барлық келуші қонақ үйге кірместен бұрын кіреберісте ілінген QR-кодтарды сканерлейді. Өз мәртебесін дәлелдеген, яғни «жасыл» коды бар азаматтар емін-еркін ғимаратқа кіре алады. 

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

Карантин талаптары бойынша барлық жерде антисептик, маска, дезинфекциялық майлықтар қойылған.

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

Сонымен қатар медиа орталықтағы жұмыс орындары кабиналарға бөлінген. Бұл әр азаматтың денсаулық қауіпсіздігін сақтау мақсатында орнатылған. 

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

«Жібек жолы. Мәдени даму» ақпарат агенттігінің тілшісі Чолпонай Турдакунова (Қырғызстан) карантин режиміне журналистер жауапкершілікпен қарап, талаптарды сақтап жүргенін айтты.

Съезде карантин режимі қатаң сақталып жатыр. Өйткені Қытай бойынша карантин режимін бақылауға арналған «Health kit» сияқты жүйе барлық провинцияда бар. Егер «Health kit» «жасыл» түсті көрсетіп тұрса, онда сен кез келген мекемеге кіре аласың. Өйткені мұнда барлық жерде, тіпті дүкенге кіретін болсаң да, QR-кодты сканерлеп, мәртебеңді көрсетуің керек. Дәл съезге қатысып жатқандар үшін «Health kit» жүйесіндегі ПТР-тестінің нәтижесі 24 сағатқа, яғни 1 күнге өзгертілген. Яғни съезге қатысып жатқан әр азамат күн сайын тест тапсырып отыруы қажет, - дейді қырғызстандық БАҚ өкілі.

Әріптесіміз Чолпонай Турдакунова атап өткендей, егер жүйеде «2 күн» көрсетіліп тұрса, онда нәтиже жаңартылмайынша ешқайда баруға рұқсат жоқ. Ол қатысушылардың үнемі маска тағып жүретінін және тіпті асханада да карантин режимі қатаң сақталатынын айтты. Онда да медиа орталықтағыдай, орындар кабиналарға бөлінген.

Бір айта кетерлігі, ПТР-тестін тапсыру үшін барлық қажетті жағдай ұйымдастырылған. COVID-19-ға қарсы сынама алатын медициналық бөлімдер таңғы сағат 7.00-ден кешкі 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

Тестке барғандар азаматтар медициналық қызметкерлердің электронды журналына аты-жөнін, жеке құжатының нөмірі мен қай елден екенін жазады. Тест нәтижесі күн сайын «Health kit» жүйесінде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар барлық қатысушы саяхат тарихының жасыл (қалыпты) кодын көрсетуі керек. Ол үшін де арнайы QR-кодты сканерлейді. 

Барлық қатысушылар 24 сағат ішінде жасалған теріс ПТР нәтижелерін көрсетуі керек (Beijing Health Kit-те көрсетілген нуклеин қышқылын сынау уақыты 0 немесе 1 күн). Сондай-ақ дене температурасы 37.3℃ жоғары болмауы керек. 

Жалпы барлық қатысушы іс-шараларға қажетті санитарлық кодтар мен дене температурасын көрсеткеннен кейін ғана қатыса алады.

Еске сала кетсек, Қытай халықаралық баспасөз орталығының бағдарламасы бойынша Қытайға келген БАҚ өкілдері ҚКП ХХ съезінің жұмысына медиа орталықтан қатысып жатыр. Олардың қатарында қазақстандық екі журналист бар.

ҚКП ХХ съезі. Карантин жағдайында журналистер қалай жұмыс істеп жатыр?

Бұл бағдарлама елдер арасындағы мәдени байланысты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Өздеріңіз білетіндей, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейінгі алғашқы сапарын Қазақстанға жасағанында екі ел медиа саласында ынтымақтасатынын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы