Қиын күндерде банк секторынан депозиттер әкетілмеді - Досаев

21 Қаңтар 2022, 14:12
1299
Бөлісу:
Қиын күндерде банк секторынан депозиттер әкетілмеді - Досаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының отандық инвесторлармен кездесу барысында айтты. 

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін салымшылардың қаражатын сақтау Ұлттық банктің басты басымдығы болып есептеледі. Белгісіздіктің жоғары болуына қарамастан, болып өткен қиын күндерде банк секторынан депозиттердің әкетілуі орын алған жоқ. Мысал ретінде келтірсек, осы жылдың басынан бастап жеке тұлғалардың салымдары 13,5 трлн теңгеге дейін 32 млрд теңгеге өсті, - деді Досаев.

Оның айтуынша, Мемлекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес халық салымдарының сақталуын қамтамасыз ететінін растағым келеді. 

Салымшылардың сенімін арттыру үшін олардың салымдарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қосымша шара ретінде жинақ депозиттері бойынша кепілдік беру сомасы 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін өсірілді. Бұл норма 2021 жылғы желтоқсанда Сіз қол қойған Заңға сәйкес осы жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, - деді Ерболат Досаев. 

Өзгелердің жаңалығы