ҚХП Аналар құрылтайын өткізіп жатыр

19 Ақпан 2023, 15:29
1279
Бөлісу:
ҚХП Аналар құрылтайын өткізіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Астанада «Қазақстан Аналарының Бірлестігі» корпоративтік қоры Қазақстан Халық партиясымен бірлесіп, Қазақстанның 15 өңірінен келген аналардың қатысуымен Қазақстан Аналарының құрылтайын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін осы жерде жиналып отырған аналардың барлығы ана мен баланың құқығын қорғап, 2019 жылдан бері шырылдап жүрген аналар. Осы 4 жылдың ішінде мыңдаған аналарды біріктіріп, жүздеген кездесулер өткіздік. Қазіргі таңда аналардың мәселелері жартылай ғана шешілді деп айтуға болады. Бүгінгі жиналу себебіміз де осы, – деді «Қазақстан Аналарының Бірлестігі» корпоративтік қорының жетекшісі, Қазақстан Халық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Гаухар Танашева.  

ҚХП Аналар құрылтайын өткізіп жатыр

Ол Халық партиясы аналар мен балалардың бұған дейін жауапсыз қалған мәселелерін кешенді түрде шешуді ұсынып, өз бағдарламасына бірнеше бөлімді отбасы бағытына арнағанын айтып өтті.

Ал ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өз кезегінде Гаухар Танашеваның Мәжіліс депутаты болатынына сенім білдіріп:

Біздің кандидаттардың партиялық тізімінің басында Гаухар Танашева тұр. Ол – Қазақстандағы көпбалалы аналардың көшбасшысы. Оның артында 500-ден аса көпбалалы аналар тағдыры тұр, – деді.

ҚХП Аналар құрылтайын өткізіп жатыр

Сондай-ақ партия төрағасы өзі де көпбалалы отбасыдан шыққанын және көпбалалы отбасы қазақ болмысының негізі екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы