«QazVac» вакцинасы Мажарстанда қолданылуы мүмкін

26 Қазан 2021, 14:27
19395
Бөлісу:
«QazVac» вакцинасы Мажарстанда қолданылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. 

Қазақстан мен Мажарстан коронавирус пандемиясы кезінде бір-біріне қол ұшын беріп келеді.

Өздеріңізге мәлім, биыл маусымнан бастап Қазақстан мен Мажарстан вакциналау паспорттарын өзара тану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Біз отандық «QazVac» вакцинасын Мажарстан аумағында қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсындық, -деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрі. 

Сонымен қатар министр қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Будапешт арасындағы тұрақты әуе қатынасының қалпына келтірілгенін атап өтті. 

Рейстерді «WizzAir» мажар әуе компаниясы орындайды. Жақында Үкімет шешімімен рейстердің жиілігі аптасына екі рейске дейін арттырылды. Осыған орай, мажар тарапына екінші рейсті Будапешт – Алматы – Будапешт бағыты бойынша іске қосуды ұсындық,- деді Мұхтар Тілеуберді.


Өзгелердің жаңалығы