QazVac-ты ДДСҰ мойындауы үшін қанша қадам қалды?

22 Қазан 2021, 17:08
16312
Бөлісу:
QazVac-ты ДДСҰ мойындауы үшін қанша қадам қалды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасына сұқбат берген Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ Микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), ғалым, QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Қуандық Жүгінісов отандық екпенің тиімділігіне қатысты мәліметтермен бөлісті.

Қазіргі уақытта вакцинаның тиімділігі 80%-дан жоғары.

ДДСҰ мойындауы үшін оның өзінің кезеңдері бар. Ең алдымен, біздің мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі ДДСҰ талаптары бойынша үшінші деңгейге сай келуі керек. Біздің денсаулық сақтау жүйеміз қазір екінші деңгейде тұр. Үшінші деңгейге өту бойынша жұмыстар атқарылуда, - деп атап өтті Қуандық Жүгінісов.

Еске сала кетейік, бұған дейін жас ғалым QazVac қалай жасалғанын айтқан болатын. Аз уақытта жоқты бар ету ғалымдарымызға оңайға түспеген. Бастапқыда жануарларға сынақ жүргізілген. Кейін оларда бәрі дұрыс екенін көрген соң ғалымдар нар тәуекелге барып, екпені өздеріне салдыртқан.

Еріктілерге салмас бұрын Ұлттық сараптама орталығында жануарларға тағы бір мәрте сынақ өткізіліпті. Одан кейін барып қана адамдарға клиникалық сынақ жасауға рұқсат берілген.

Өзгелердің жаңалығы