QazVac-ты ДДСҰ-да тіркеуді жеделдету керек – Тоқаев

19 Шілде 2021, 16:04
2149
Бөлісу:
QazVac-ты ДДСҰ-да тіркеуді жеделдету керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте айтты.

Қыркүйекке жоспарланған отандық QazVac вакцинасының өнеркәсіптік шығарылымын ескере отырып, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді жеделдету қажет. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысы, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент айтқандай, екіжақты уағдаластықтар аясында QazVac-ты үшінші елдер нарығына ілгерілету жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың маңызы зор.

Үкіметтен осы мәселені ерекше бақылауға алып, нәтижелері туралы бір ай мерзімде баяндауды сұраймын.Вакцинация мәселесінде отандық бизнестің ынтымақты ұстанымы өте маңызды. Өйткені ұжымдық иммунитетке қол жеткізбестен, бизнес үшін санитарлық шектеулерді толығымен алып тастау мүмкін емес, - деді Мемлекет басшысы.


 

Өзгелердің жаңалығы