QazVac балаларға салынуы мүмкін бе?

22 Қазан 2021, 19:24
937
Бөлісу:
QazVac балаларға салынуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасына сұқбат берген Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), ғалым, QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Қуандық Жүгінісов отандық екпеге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Оның айтуынша, бәрі уақыттың еншісінде.

QazVac балаларға салынуы мүмкін бе? деген мәселеге келетін болсақ. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі қажет деп шешім қабылдаса, мемлекет тарапынан қаржы бөлінсе, балаларға бейімделген екпе салынуы мүмкін, - деді ғалым.

Алайда балаларға сынақ жүргізу тыйым салынғанын ескерсек, бәрі ата-анасының келісімімен ғана жүргізілетіндігін алға тартты.

Оны нақты ешкім тексеріп, дәлелдеген жоқ. Әркім әр түрлі пікір айтады. Ал ауырған адамдарда иммунитет пайда болатыны рас. Бірақ ол ұзақ сақталады дегенмен келіспеймін. Бәрі организмге байланысты, - деді Қуандық Жүгінісов.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғалым коронавируспен ауырған адамдарда антидене ұзақ сақталады деген пікірге қатысты өз ойын білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы