Қазіргі уақытта тергеу изоляторларында 675 адам жатыр – Аюбаев

22 Қаңтар 2022, 17:10
1645
Бөлісу:
Қазіргі уақытта тергеу изоляторларында 675 адам жатыр – Аюбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бүгінгі таңда мұндай жағдайда 23 адам бар, оның 21-і Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасында, Атырау облыстық және Қызылорда қалалық ауруханаларында бір-бірден. Жаппай тәртіпсіздік барысындағы қылмыстар үшін барлығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 691 адам жеткізілді, оның ішінде 16-сының бұлтартпау шарасы үйқамаққа алуға немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатқа ауыстырылды, - деді ол. 

Аюбаев атағандай, қазіргі уақытта тергеу изоляторларында 675 адам ұсталуда.

Ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссияларының өкілдері барлық мекемеге кедергісіз бара алатынын атап өту қажет, бұл ретте адвокаттарды өз клиенттеріне жіберу және сауқаттарды беру штаттық режимде жүзеге асырылады. Іс жүзінде барлық өңір коронавирустық инфекциямен ауыру деңгейі бойынша «қызыл аймақта» орналасқанын ескере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталады, - деді Мейрам Аюбаев. 

Өзгелердің жаңалығы