Қазіргі уақытта 9 млн гектардан астам астықты жинадық - АШМ

Қазіргі уақытта 9 млн гектардан астам астықты жинадық - АШМ
382

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биылғы қолайлы жағдайлар егін жинау жұмыстарын уақытылы бастауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 9,2 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналып, үлесі 57,8%-ды құрап отыр. Орташа өнімділік гектарына 12 центнерді құрап, 11,2 млн тонна астық бастырылды. Жаппай егін жинау республиканың барлық өңірлерінде басталғанын атап өту қажет, - деді вице-министр. 

Сонымен қатар ол егіс науқаны қалай жүргізілгеніне тоқталды. 

Осы жылы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектарға тең болса, оның ішінде дәнді дақылдарды жинау алаңы 16,1 млн гектарды құрайды. Айта кету керек, егіс науқанының сапалы тұқымдарды қолдана отырып, оңтайлы мерзімде жүргізілді. Фермерлер уақытында тыңайтқыштар енгізіп, арамшөптер мен ауруларға қарсы дақылдарды химиялық өңдеуді дер кезінде жүргізді. Бұл өз кезегінде дақылдардың жағдайына оң әсер етті, - деді ведомство өкілі. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы