Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов

13 Шілде 2023, 10:27
1261
Бөлісу:
Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Елордада «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Форумның ашылуында сөз алған ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов жиынға көптеген сарапшы жиналғанын айтты.

Бүгін бір мақсатта жиналып отырмыз. Яғни аймақтық қауіпсіздікті дамыту және идеяларды бөлісу, жаңа шешімдерді табу, Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін қарастыру. Биыл форум 25 елден 60 көшбасшысының басын біріктіріп отыр, - деді ҚСЗИ басшысы.

Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов

Ол жиында бірқатар мәселе талқыланатынын айтты.

Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов

Орталық Азия қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, экономикалық, технологиялық жетістіктері бар, сонымен бірге геосаяси бағытта да үлкен мәнге ие. Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды. Жер халқының шамамен 69 пайызын Азия құрайды. Азия - ең көп қоныстанған құрлық. Бүгінгі күні «азиялық болу» инновациялық, ашық болу дегенді білдіреді. Болашақтағы Азияның жағдайы әлемнің жағдайына ықпал ететіні түсінікті. Сондықтан осы форумды өткізіп отырмыз, - деді Еркін Тұқымов.

ҚСЗИ директоры назарымызды қауіпсіздік пен ынтымақтастыққа арнай отырып, дәстүрлі және дәстүрлі емес қауіпсіздікті де естен шығармау керегін айтты.

Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов
Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов
Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов
Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов
Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов
Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов
Қазіргі кезеңде «Азия ғасыры» басталды - Еркін Тұқымов
Өзгелердің жаңалығы