Қазіргі блогерге қандай қасиеттер керек?

28 Сәуір 2023, 20:48
1921
Бөлісу:
Қазіргі блогерге қандай қасиеттер керек?
VIDEO
Фото: Арман Мухатов

Бүгін Астанада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың «Жасанды интеллект дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» атты VI форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумда сарапшылар мен журналистер, блогерлер, спичрайтерлер және СММ мамандары қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылап, қызу əңгіме жүргізеді.

Іс-шарада ең жиі талқыланатын бірқатар сұрақты біз де өз саласының шеберлеріне қойып көрдік.

Сұрақтар: Қазіргі блогерге қандай қасиеттер керек? Қазақша контент толығымен бүкіл саланы қашан қамтиды? Журналистика оқып керек пе? және т.б. 

Big Data қауымдастығының президенті Сергей Ахметов, Автоблогер Олжас Оқас, Подкастер Нұрмахан Мұқанұлы және журналист Динара Сәтжан осы сұрақтарға жауап берді.

Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы