Қазіргі бессайыс: Қазақстан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

14 Сәуір 2024, 19:43
395
Бөлісу:
Қазіргі бессайыс: Қазақстан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы Хвансонда (Оңтүстік Корея) өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біздің спортшылар құрлық додасында үш медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында Темірлан Әбдірайымов қола жүлдегер атанса, командалық сында ерлер екінші, әйелдер үшінші орын алды.

Өзгелердің жаңалығы