Қазіргі ауа райы – қалыпты жағдай емес – маман дабыл қақты

17 Қараша 2023, 16:52
856
Бөлісу:
Қазіргі ауа райы – қалыпты жағдай емес – маман дабыл қақты
Фото: pixabay.com

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Жобаларды басқару департаментінің жетекшісі Виктория Байғазина айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Климаттың өзгеруі – қазір болып жатқан мәселе. Жыл сайын жаһандық деңгейде COP-28 алаңында осы мәселенің шешу жолдарын елдер арасында талқылау жүреді. Қазір әрбір мемлекет климаттың өзгеруіне бейжай қарамай, өз деңгейінде шешімдер қабылдап, жаһандық деңгейде берілген уәделерінде тұруы керек, - деді ол.

Виктория Байғазина елордадағы қазіргі ауа райын да климаттың өзгеруімен байланыстырды.

Әдетте қарашада Астанада суық болып, қар жататын. Ал бүгін Астанада 8 градус 0-ден жоғары. Бұл біздің аймақ үшін қалыпты жағдай емес. Бұның барлығы климаттың өзгеріп жатқанын көрсетеді. Ол біздің өмірімізге құрғақшылық, су тасқыны сияқты қатерлер төндіреді. Сондықтан осы бағытта жұмыла жұмыс істеу өте маңызды. Бұл ертең болатын мәселе емес, қазір болып жатқан проблема, - деді ол.

Осы орайда Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы БАҚ өкілдеріне ұйымдастырған таңғы аста жаһандық қорлар қаржыландыратын климаттық инвестицияларды тартып, жасыл технологиялар саласындағы стартаптарды қолдауға бағытталған 2 жобасын таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы