Қазгидромет алдағы айда қай өңірде құрғақшылық болатынын айтты

22 Сәуір 2024, 13:14
13898
Бөлісу:
Қазгидромет алдағы айда қай өңірде құрғақшылық болатынын айтты
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМҚ жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева алдағы ай егінмен айналысатын фермелерге тиімді болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Қазгидромет" маманының мәлімдеуінше, осы жылдың мамырындағы ылғалдық нормаға жуық әрі жоғары болады. Тек Қызылорда облысының Қармақшы ауданында атмосфералық құрғақшылық күтілуде, мұнда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарлауы болжанып отыр.

Сәлиева мамырда өте ылғалдық жоғары сақталатын облысты атады.

Қостанай облысының Қарасу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бурлин, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Павлодар облысының Ертіс және Успенка аудандарында және Павлодар қаласында қажетті ылғал сақталмақ. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтілуде, - деді маман "Қазгидрометте" өткен баспасөз мәслихатында.

Бірқалыпты ылғалды жағдай сақталатын өңірлер:

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы;
Қостанай облысының Қарабалық, Сарыкөл, Қарасу, Әулиекөл аудандарында және Б.Майлин атындағы ауданда;

Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Ақкөл, Жарқайың, Астрахан және Шортанды аудандарында;
Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Қашыр, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;

Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала, Ақжайық, Жаңақала аудандарында және Орал қаласында;
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Мұғалжар, Ыргыз, Ойыл аудандарында және Ақтөбе қаласында;

Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға аудандарында және Атырау қаласында;
Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында;

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Самара, Катонқарағай, Куршим аудандарында және Алтай ауданында;
Түркістан облысының Қазығұрт және Қаратау аудандарында.

Өзгелердің жаңалығы