Қазгидромет: 29 қаңтарда ауа райы тұрақсыз болады

29 Қаңтар 2024, 02:14
462
Бөлісу:
Қазгидромет: 29 қаңтарда ауа райы тұрақсыз болады
Фото: Артём Чурсинов -архив

29 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, күн райының тұрақсыздығына атмосфералық фронттар әсер етеді.

Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы