Қазбек Сағын ММА бойынша халықаралық турнирдегі жеңісін Тоқаевқа арнады

22 Қараша 2022, 09:08
1158
Бөлісу:
Қазбек Сағын  ММА бойынша халықаралық турнирдегі жеңісін Тоқаевқа арнады
PHOTO

Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайында Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең мықты промоушен Naiza 48 аралас жекпе-жектен халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Жапония, Бразилия, Әзірбайжан және Өзбекстаннан келген спортшылар қатысты. Спорттық шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов барды. 

Қазбек Сағын  ММА бойынша халықаралық турнирдегі жеңісін Тоқаевқа арнады

Өңір басшысы салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе оған жастарды тартудағы халықаралық турнирдің маңыздылығын баса айтты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын ұстануға жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Ұлт денсаулығын нығайту – басты міндеттердің бірі. Жастар арасында бұқаралық спортты насихаттап, дамыту керек. Ол үшін спорттық инфрақұрылымды барынша қолжетімді етіп жасаймыз және Ақтөбе облысында, оның ішінде республикалық, халықаралық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға атсалысамыз. Біздің жастар мықты спортшылардың есімдерін біліп қана қоймай, спортпен шұғылдану кезінде де табанды және батыл болып өсуі керек. Бұл турнир Ақтөбе жастарының салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырады деген сенімдемін, — деп атап өтті Ералы Тоғжанов.   

Қазбек Сағын  ММА бойынша халықаралық турнирдегі жеңісін Тоқаевқа арнады

24 спортшының қатысуымен барлығы 12 жекпе-жек өтті. Ақтөбелік жауынгерлер рингке ел Президентінің портреті бейнеленген футболкалармен шықты. Мұнымен спортшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткенін, бойларын мақтаныш сезімі кернейтінін білдіргісі келген. Кештің басты жекпе-жегінде Naiza лигасының белбеуі үшін 53 келіге дейінгі ең жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы, қоян-қолтық жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын және британдық файтер Джон Шинк кездесті. Ерекше әсерлі жекпе-жектің қорытындысы бойынша DAR Team кәсіби клубының жауынгері Қазбек Сағын чемпиондық белбеу иегері атанды. Naiza-дағы өзінің тарихи жеңісін ол Мемлекет басшысына арнады. 

Қазбек Сағын  ММА бойынша халықаралық турнирдегі жеңісін Тоқаевқа арнады

Командаға, өз бапкерім Азиз Разыевке алғыс айтамын. Біз нағыз батыр халықпыз. Елдің атын әлемге паш етуге дайынмын. Бүгінгі жеңісімді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, әскери міндеттін орындап келген азамат ретінде еліміздің Бас қолбасшысына арнаймын, - деді Қазбек Сағын.

Сондай-ақ, жаңа чемпиондық белбеу иегері өзінің отбасы мен ата-анасына жарыс жолында жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Naiza 48 турнирінде Дастан Амангелді, астрахандық қазақ Серік Разғалиев және ММА-дан үш дүркін әлем чемпионы Бағдат Жұбаныш керемет ойын көрсетті. 

Қазбек Сағын  ММА бойынша халықаралық турнирдегі жеңісін Тоқаевқа арнады

Біздің ең өзекті мақсаттарымыздың бірі — өңірлерде спортты дамытып, қолдау. Naiza-ның Ақтөбеде өтуі спортсүйер жастарға үлкен серпін береді. Ал бұл — өңірлердің әлеуметтік дамуының маңызды бөлігі. «Төбелескің келсе — рингте» аясында біз қоғамның әлеуметтік осал топтарына жататын жастарға әлеуметтік саты бола алатын кәсіби спорт бар екенін айтқымыз келеді. Олардың көшеге шығып төбелескенін емес, бір кездері өздерін таба алмай, бірақ спортпен айналысып, нәтижесінде белгілі бір жетістікке жеткен, бүгінде әлемнің жетекші лигаларында өнер көрсетіп жүрген табысты жауынгерлерді көргенін қалаймыз, — деді Naiza президенті Нұрбек Қарабала. 

Сонымен қатар, халықаралық турнир аясында 21-23 қараша аралығында Ақтөбеде қазақстандық жекпе-жек лигасының Naiza - Naiza Sport Week спорт апталығы өтеді. Бір апта бойы ақтөбеліктер танымал жаттықтырушылар мен спортшылардың шеберлік сабақтарына, мотивациялық кездесулеріне қатысып, Қазақстанның ММА жұлдыздары мен атақты баскетболшылары ойнайтын регболдан турнирді, сондай-ақ еліміздің және әлемнің мықты спортшыларының басын қосатын грепплингтен гран-приді тамашалай алады. 
 

Өзгелердің жаңалығы