«ҚазАвтоЖол» жол құрылыс саласына шетелдік компанияларды тартпақ

29 Сәуір 2022, 11:48
1754
Бөлісу:
«ҚазАвтоЖол» жол құрылыс саласына шетелдік компанияларды тартпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол құрылысы саласындағы әлемдік ірі компанияларды Қазақстанға тарту тетіктерін әзірлеп жатыр.  

Осыған орай, республикалық және халықаралық маңызы бар Ұлттық автожол операторының бастамасымен Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық қаржы институттарының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде қаржы институттары мен «ҚазАвтоЖол» компаниясы қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобын құру туралы нақты шешім қабылданды. 

Жаңадан құрылған жұмыс тобы баға белгілеу үдерісі мен шарттық талаптарды қайта қарау арқылы Қазақстан аумағында халықаралық мердігерлердің жұмысы үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды жоспарлап жатыр. Ал бұл өз кезегінде заңнамаға өзгерістер енгізуге әкеледі. Жұмыс тобы нарықты бағалап, ықтимал тәуекелдерді анықтайды. Басты мақсат – жол құрылысы саласындында өзін дәлелдеген әлемдік компаниялармен ұзақ мерзімді серіктестікке келу және халықаралық технологиялар мен кадрларды тарту.

Әрине, біздің шетелдік әріптестеріміз де  бар.  Мәселен, бүгінгі таңда Қазақстанның жол құрылысы нарығында Қытай, Түркия, Италия және Әзірбайжан елдерінің компаниялары жұмыс істейді.   Бірақ жоғарыда аталып өткен  барлық кедергілерді жойып, бәсекеге қабілеттілікті одан әрі арттыра түсу маңызды. Әріптестерімізбен ауқымды әрі жауапты жұмысты бастап кеттік.  Тәуекелдерді қадағалау арқылы жобаны басқару  сапасын арттырамыз. Саладағы әлемдік көшбасшыларды елімізге тартып жатқандықтан, оларға ең қолайлы жағдайларды ұсынуымыз керек. Бұл бастаманы құзырлы мемлекеттік органдардың қолдауы да маңызды. Себебі бұл шаралар ұзақ уақыт қызмет ететін сапалы республикалық маңызы бар жолдарды салуға бағытталған, – деді «ҚазАвтоЖол» басшысы Мейірхат Қасымбаев.

Елімізде жол құрылысымен айналысып жүрген шетелдік компаниялар болса да, тәуелсіздік алғаннан бері жол құрылыс саласына өзін күллі әлемге танытқан бірде-бір бренд келмеді. Өйткені дамыған елдердің жетекші құрылыс компаниялары үшін отандық конкурстардың тартымдылығын төмендететін бірқатар себеп бар. Олардың қатарына нарықтың тұрақсыздығы, жобалардың құны және құрылыс нормаларына қатысты заңнамадағы бірқатар олқылықтар жатады.

Өзгелердің жаңалығы