«ҚазАвтоЖол» мамандары «Самара-Шымкент» бағытындағы көпірді қалпына келтірді

30 Наурыз 2024, 12:31
407
Бөлісу:
«ҚазАвтоЖол» мамандары «Самара-Шымкент» бағытындағы көпірді қалпына келтірді
Фото: «ҚазАвтоЖол»

«ҚазАвтоЖол» мамандары бір тәуліктің ішінде «Самара-Шымкент» авто жолы бағытындағы көпірді қалпына келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 28 наурызда кешкі уақытта еріген қар суының салдарынан халықаралық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1132 шақырымындағы көпірге жақындаудың оң жақ бөлігін су алып, уақытша қозғалыс шектелді.

2024 жылғы 29 наурызда аталмыш мәселені дереу шешу мақсатында Ақтөбе облыстық «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ филиал мамандары көпірді қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Жұмыс барысында 12 бірлік плита мен 100 метрлік қисық сызықты діңгектер демонтаждалып, 5000 тонна ірі қиыршықты тас әзірленді. 31 маман мен 65 самосвал, 4 погрузчик, 1 автокран, 1 трал және 1 грейдер жұмылдырылды.

Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде мамандар бір тәулік ішінде көпірді қалпына келтірді. Қазіргі таңда көлік құралдары үшін қозғалысты ашу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы