«ҚазАвтоЖол» компаниясына жаңа төраға келді

12 Желтоқсан 2023, 17:50
5860
Бөлісу:
«ҚазАвтоЖол» компаниясына жаңа төраға келді
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК

Дархан Иманашев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дархан Иманашев 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 

Жол қозғалысы инженері мамандығы бойынша Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және құқықтану мамандығын «Болашақ» Қарағанды актуальді білім институтында тәмәмдаған. 

Техника ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды қаласында жол шеберінен бастаған. 

«Қазавтожол» РМК, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде әртүрлі қызметтерді атқарған. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары және жеке бизнесте жұмыс істеген.

Өзгелердің жаңалығы