ҚазАТЗУ мен Қытайдың Циндао аграрлық университеті бірлесіп маман дайындайды

29 Тамыз 2024, 16:38
373
Бөлісу:
ҚазАТЗУ мен Қытайдың Циндао аграрлық университеті бірлесіп маман дайындайды
Фото: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің басшылығы мен Циндао аграрлық университеті делегациясының іскерлік кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Шетелдік делегацияны Циндао аграрлық университетінің проректоры Чжан Юмэй бастап келді.

Бүгінгі күні агроөнеркәсіптік кешеніндегі реформалар бұрынғыдан да өзекті және оларды табысты іске асыру үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар қажет. Біз жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған университетіміздің 2025-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын әзірледік. Қазақстан тарихи тұрғыдан аграрлық ел және болып қала береді. Осы салаға қажет кадрлар даярлау - басым міндет. Біздің мақсатымыз – халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын ауыл шаруашылығы және онымен байланысты салалар үшін элиталық мамандарды шығару. Бүгін біз әлемнің 135 жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық орнатып келеміз және бұл серіктестік біздің бағдарламаларымызды әлемдік стандарттарға бейімдеуге көмектеседі, - деді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.Тіреуов.

ҚазАТЗУ бүгінде Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті, Хэнань ауылшаруашылық университеті, Харбин ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты, Харбин ветеринарлық ғылыми-зерттеу институты, Оңтүстік-Батыс университеті, Шисен картоп индустриясы тобы, Қытайдың Шаньдун ауылшаруашылығы ғылымдары академиясы, Шыңжаң ауылшаруашылығы ғылым академиясы, Қытай Ғылым Академиясының Ухань вирусология институты, Шыңжаң ауылшаруашылығы университеті секілді Қытай университеттерімен ынтымақтастық орнатып отыр.

Қос тараптың шағын делегациямен кездесу аясында ғылыми жұмыс бағыттары, бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Португалия, Нидерланды, Германия, Финляндия, Италия, Польша, Малайзия, Қытай, Корея және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.

Қазір Қазақстан мен ҚХР 40-тан аса университеті арасында тығыз байланыс бар. Оған қоса, көрші мемлекеттердің экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасы жыл сайын нығайып келеді. Қазақстан мен Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» бағдарламасы тек тараптарға емес, әлем үшін игілікті бастамаға айналды.

Сапар аясында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ мен Циндао аграрлық университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар С.Сейфуллин мен Циндао аграрлық университеті арасында тәжірибе мен білім алмасуға уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы