Қазақтың тазысы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

28 Тамыз 2023, 10:38
934
Бөлісу:
Қазақтың тазысы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
VIDEO
Фото: 24.kz

Қазақтың тазысы Женевада өткен World Dog Show -2023 әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Танылмаған тұқымдар тобында қазақстандық 2 ит үздік деп танылды. Халықаралық кинология федерациясы ұйымдастырған жарысқа еліміздің атынан Тұмар мен Вангелия есімді төрт аяқтылар қатысқан болатын.

Ал жуырда Қазақстанның кинологтар қауымдастығы осы FCI (Эф-Си-Ай) ұйымының толыққанды мүшесі атанған. Бұл өз кезегінде тазы мен төбеттерге халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл жаһандық жарысқа 20 мыңнан астам ит қатысқан.

Өзгелердің жаңалығы