Қазақтың киіз үйі Германияда өткен көрмеге қатысты

9 Наурыз 2023, 17:00
1217
Бөлісу:
Қазақтың киіз үйі Германияда өткен көрмеге қатысты
PHOTO

Отандық туризм индустриясының өкілдері 7-9 наурыз аралығында Германия астанасында өткен ITB Berlin Халықаралық туристік көрмесіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР МСМ баспасөз қызметі жазды. Іс-шара пандемияға байланысты үш жылдық үзілістен кейін алғаш рет өтті.

«Kazakh Tourism ҰК» АҚ ұйымдастырған стенд қонақтардың ерекше назары мен қызығушылығына бөленді. Көрмені тамашалауға келген қонақтарға отандық қолөнер шеберлері мен суретшілердің табиғи материалдардан жасалған әшекейлерімен безендірілген қазақтың киіз үйі ерекше ұнады. Заманауи ұлттық тағамдарымыз да келушілердің көңілінен шықты. 

Қазақтың киіз үйі Германияда өткен көрмеге қатысты

Қазақстандық делегацияның басым бөлігін отандық турбизнес мамандары құрады. Берлиндегі көрмеге қазақстандық туристік компаниялар мен қонақүйлердің 30 өкілі қатысты.

«Бұл көрмеде біздің турбизнес өкілдері болашақ серіктестермен іскерлік байланыс орнатады. Біздің стенд келушілер тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, елімізге неміс туристерін тарту бағытында ең ірі халықаралық туристік бірлестіктердің бірі - PATA өңірлік өкілдігімен тығыз жұмыс істеуді жоспарлап отыр», - деді «Kazakh Tourism ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.

Айта кетейік, ITB Berlin - туризм саласындағы ұйымдар үшін әлемдегі ең ірі B2B көрме саналады.

Өзгелердің жаңалығы