Қазақстанның тұрақтылығы мен экономикалық дамуы - Орталық Азияның даму кепілі

20 Қаңтар 2023, 18:52
1647
Бөлісу:
Қазақстанның тұрақтылығы мен экономикалық дамуы - Орталық Азияның даму кепілі

Бұл туралы Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Хайриддин Усмонзода айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының саяси жүйесінде болып жатқан реформалардың Мемлекет басшысының жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқанына, оның Орталық Азия елдері үшін өте маңызды екеніне және аймақтағы басқа елдерге үлгі болатынына баса назар аудардарып жатқанын айтып өтті.

Егер бұрын Орталық Азия елдері сырттан келетін болжамдарға сүйенсе, бүгінде бұл болжамдар Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық зерттеулер орталықтарында дайындалуда. Мұның бәрі пікір алмасу арқылы бірлесе отырып, орын алған қиындықтарға төтеп беру үшін жасалып жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының саяси жүйесінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар Орталық Азия елдері үшін де, сондай-ақ аймақтағы басқа елдер үшін маңызды және үлгі деуге болады. Көріп отырғанымыздай, Қазақстан әрқашан алға қарай сенімді қадамдар жасап, оның тұрақтылығы мен экономикалық дамуы бүкіл өңірдің тұрақтылығы мен дамуының кепілі болып табылады, - деді сарапшы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып ұйымдастырған «Орталық Азия-2030: болашақтың келбеті» сараптамалық кездесуінде.

Өзгелердің жаңалығы